Жиі қойылатын сұрақтар

Жолаушылар тасымалының әсерлі дамуын үйлестіру және сервис сапасын жақсарту.

«Темір жол көлігі туралы» ҚР заңының 87 бабы 2 тармағына сәйкес тасымалдаушының кiнәсiнен багаждың бүлiну жағдайларын қоспағанда, жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен бiрге алып жүретiн багаждың сақталуына тасымалдаушы жауапты болмайды.

Жолаушыларына назарына Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына сәйкес егер жолаушы өз станциясына келіп, вагоннан шығысымен, вагонда заттарының қалып қойғанын байқаса, ол станция (вокзал) бастығына өтініш жасауы тиіс. Станция (вокзал) бастығы жолаушының жазбаша өтініші бойынша болған жағдай туралы дереу жолаушылар поезының бастығына немесе поездың аялдау ұзақтығы 10 минуттан кем болмайтын поездың жүру жолындағы таяу станция (вокзал) бастығының атына қызметтік жеделхат, факсограмма жібереді, телеграммада, факсограммада жолаушы отырған вагон мен орынның нөмірі, ұмытылып қалған заттардың сипаты және оларды жолаушылардың орналасқан жеріне қайта жіберу талабы көрсетілетін хабарлаймыз.

Сіз сонымен қатар «1433» нөмірі бойынша Бірыңғай ақпараттық орталығына жүгіне аласыз, ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін. call-centre операторы өтінім жасау үшін қажетті сұрақтарды қояды.

Тасталып кеткен заттарды беру жеке куәлік құжаты негізінде беріледі.

ҚР Теміржол көлігі туралы Заңының 66 бабы негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ҚР аумағы бойынша республика ішілік қатынаста ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.07.2011 ж. №799 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына (одан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асыралады.

Қағидаға сәйкес, жолаушыға өзімен бірге бір толық және балалар жол жүру құжатымен (билетімен) ұсақ-түйек қол жүгінен басқа, мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан 200 сантиметрден (100х50х50), 35 кг аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етіледі.

Қол жүгіне жолаушылардың мөлшері жағынан жолаушылар вагондарындағы қол жүгін орналастыруға арналған орындарға сыятын заттары жатады.

Жолаушылар поездарында жол жүрген кезде, қажеттілігіне қарай жолаушы белгіленген нормаға қосымша өзімен бірге мынадай жағдайларда:

  • салмағы 15 кг дейінгі қол жүгін жолаушыға "багаж қолында" деген ЛУ-12А нысанды түбіртегі беріліп, багаж тарифі бойынша бөлек ақыға;
  • салмағы 50 кг дейінгі қол жүгін толық құны төленген бір жол жүру құжатымен (билетпен) 2 орынды купе (СВ) вагонының және 4 орынды купе вагонының бір купесімен;
  • жалпы салмағы 300 кг дейінгі қол жүгін купедегі төрт орынның толық құны төленген жол жүру құжатымен (билетпен) жеке купемен алып жүреді.

Вагон түріне (купе немесе плацкарт) қарамастан төсек орын тысына жеке төлеу керек емес: оның құны билет құнына кіреді.

Отыруға арналған орындары бар вагонға билет сатып алу кезінде жолаушыларға төсек орын ұсынылмайды.

«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу азаматтың жеке тұлғасын куәландыратын белгілі бір құжаттар түпнұсқасы немесе көшірмелерін ұсыну кезінде жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
  3. Қазақстан Республикасында шетелдіктің ықтияр хаты;
  4. Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  5. Босқынның куәлігі;
  6. Қазақстан Республикасының дипломатиялық төлқұжаты;
  7. Қазақстан Республикасының қызметтік төлқұжаты;
  8. Қазақстан Республикасының теңізшінің жеке куәлігі;
  9. Шетел төлқұжаты;
  10. Қайтару куәлігі (басқа мемлекеттер азаматтары үшін, олармен Қазақстан аумағында отанына жол жүру бағыты бойынша жол жүру үшін жеке куәлігін жоғалту жағдайында);
  11. Туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
  12. Әскери билет – мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлер үшін;
  13. 1. Иесінің 3.5×4.5 см өлшемдегі жапсырылған суреті бар елтаңба мөрімен куәландырылған уақытша жеке тұлға куәлігі.

Маңызды! Билет кассаларында жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде жол жүру құжаты рәсімделетін жолаушының болуы міндетті емес.

Маңызды! Пойызға отырғызу кезінде жолаушы вагон жолсерігіне жол жүру құжаты (билеті) рәсімделген жеке тұлғаны куәландыратын құжатты көрсетуі керек.

Бірінші жол
  • Пойыз нөмірі (3 сан және 2 әріп: сандар және бірінші әріп пойыз нөміріне, ал соңғы әріп тізбегіне сәйкес келеді);
  • Пойыздың билетте көрсетілген жөнелту станциясынан жөнелтілетін күні мен уақыты;
  • Вагон нөмірі және оның түрі;
  • Билет пен плацкарттың билетті рәсімдеген мемлекет валютасындағы құны;
  • Берілген билет жазылып берілген адамдар саны;
  • Құжат атауы (толық бағаға сатып алған билет кезінде "толық").
Екінші жол
  • Жөнелту және тағайындалу станциясының 12 таңбаға дейін қысқартылған атауы;
  • Жөнелту және тағайындау станциясының жеті таңбалық кодтары;
  • Жолаушылар пойыздары үшін – "КЫЗМ КОР";
  • Украиндық т/ж құрылған фирмалық пойыздар үшін пойыз санаты басылуы мүмкін (мысалы, "2 КЛ.").
Үшінші жол
  • "ОРЫНДАР" сөзі және орындар нөмірі;;
  • "KZH" қорғаныс белгісі;
  • Билеті рәсімделген вагон жолының қысқартылған атауы.
Төртінші жол
  • Билет бланкінінің сериясы мен нөмірі (2 әріп және 6 сан);
  • Жол жүру құжатының қорғаныс коды (3 таңба) – жалған жол жүру құжаттарын анықтау үшін қолданылады;
  • Құжат шифрі;
  • Сатуға сұраным нөмірі (7 сан);
  • Билеттің рәсімделген күні (ккаажж форматында);
  • Билетті рәсімдеу уақыты (ссмм форматында);
  • Одан әрі бос орынсыз мыналар басылады: билетті рәсімдеген ВЦ коды (1 әріп), орын берген ВЦ коды (1 әріп), сату пунктінің нөмірі (2 сан және 1 әріп), кассалық билет терминал нөмірі (2 сан);
  • "/" таңбасы арқылы келесі форматта әр мемлекеттің әрқайсысы бойынша жол жүру құны туралы ақпарат басылады: мемлекет коды "-" таңбасы, швейцарлық франк немесе ұлттық валютадағы (егер жол жүру құны ұлттық валютада есептелетін болса, одан кейін "Н" таңбасы басылады) жол жүру құны; құнның ондық немесе жүздік үлестері үтірмен бөлінбейді; егер жол жүрісі билет рәсімдеген мемлекетте жүргізілетін болса, оған жататын вагонда құнның түсіндірмесінің орнынан екі таңбалар комбинациясы басылады: "/Н";
  • "(23)" таңбалары жол жүру құжаты құнынан сату салығы өтелмейтін болса басылады.
Бесінші жол
  • Жолаушының төлқұжат мәліметтері (құжат түрі, оның сериясы мен нөмірі, "/" таңбасы, тегі, "=" таңбасы, аты мен әкесінің атының бірінші әріптері).
Алтыншы жол
  • Билеттің валютаны көрсетумен толық құны (ондық үлестер нүктемен бөлінген);
  • Ресейде рәсімделмеген билет кезінде одан әрі жолда құнның түсіндірмесі басылады: "ТАР", пойыздың тарифтік құны (билет және плацкарт құны), "+KKC", комиссиялық жинақ мөлшері, "+СЕРВИС", сервистік қызметтер құны, "+ККС", сақтандыру.
Жетінші-сегізінші жол
  • Жолаушының тағайындау станциясына келу уақыты – КЕЛУ кк/аа В сс/мм); Қазақстан бойынша Астана қ. уақыты келтіріледі. Егер алтыншы жолда билет құнының түсіндірмесі басылмаса, 6 және 7 жолдар біріктіріледі.
    «Экспресс-3» АБЖ жалғанған кассалық билет терминалдары арқылы рәсімделетін билеттерде оң жақтағы төменгі бұрышта штрих код басылады. Ол келесі ақпараттарды қамтиды:
    • Жол жүру құжатын рәсімдеген жол нөмірі (2 сан);
    • Жол жүру құжатын рәсімдеген сату пунктінің нөмірі (3 сан);
    • Жолаушының жөнелтілетін күні (жылдағы күннің реттік нөмірін анықтайтын 3 сан);
    • Пойыз нөмірі (5 сан): бірінші 3 сан – пойыз нөмірі, қалған 2 сан – пойыз нөмірі әрібінің цифрлік белгісі, бақылау сан.

Өтінішіңізді «ТҮРКСІБ Астана» ЖШС Виртуалды қабылдаушысына қалдырыңыз.

Картаның ұстаушысы болып табылатын банкке жүгінуіңізді сұраймыз.

Сұрақ қою
Өз сұрағыңызға жауап табылмады ма?
Бізбен хабарласыңыз, және біз қажетті ақпараты ұсынамыз.