«Темір жол көлігі туралы» ҚР заңының 87 бабы 2 тармағына сәйкес тасымалдаушының кiнәсiнен багаждың бүлiну жағдайларын қоспағанда, жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен бiрге алып жүретiн багаждың сақталуына тасымалдаушы жауапты болмайды.
Жолаушыларына назарына Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына сәйкес егер жолаушы өз станциясына келіп, вагоннан шығысымен, вагонда заттарының қалып қойғанын байқаса, ол станция (вокзал) бастығына өтініш жасауы тиіс. Станция (вокзал) бастығы жолаушының жазбаша өтініші бойынша болған жағдай туралы дереу жолаушылар поезының бастығына немесе поездың аялдау ұзақтығы 10 минуттан кем болмайтын поездың жүру жолындағы таяу станция (вокзал) бастығының атына қызметтік жеделхат, факсограмма жібереді, телеграммада, факсограммада жолаушы отырған вагон мен орынның нөмірі, ұмытылып қалған заттардың сипаты және оларды жолаушылардың орналасқан жеріне қайта жіберу талабы көрсетілетін хабарлаймыз.
Сіз сонымен қатар «1433» нөмірі бойынша Бірыңғай ақпараттық орталығына жүгіне аласыз, ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін. call-centre операторы өтінім жасау үшін қажетті сұрақтарды қояды.
Тасталып кеткен заттарды беру жеке куәлік құжаты негізінде беріледі.